Сандық таратылым жүйесі іске қосылмақ

0
1285

Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында  Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев 2015 жылы ел аумағы бойынша сандық таратылым жүйесі іске қосылатындығын мәлімдеді. Яғни, енді төрт жылдан кейін шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары барлық отандық телеарналарды көре алатын болады.

Сандық телевизияға көшу жұмысы бірден емес әрине, біртіндеп іске асырылады.  Ол үшін келер жылы Қарағанды облысы сынақтан өтеді деп күтілуде. Сандық телевизияға көшу жұмысы жүзеге асыру үшін «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заң қабылдануы қажет. Бұл заңда отандық телеарналарды дамыту және қазақ тілінің эфирдегі ұстанымын нығайту шарттары назардан тыс қалмайды.

Жиын барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, елімізде соңғы төрт жылдың ішінде интернет пайдаланушылардың саны екі есеге өскендігін тілге тиек етті. Яғни, қазір олар Қазақстан халқының 21 пайызын құрайды. Ал ауыл тұрғындарының бұл саладағы үлес салмағы 10 пайыз ғана. Енді ғаламтордың бағасына қатысты мәселе де күн тәртібінен түспейтіндігі де айтылды. Министрдің айтуынша, 3 жыл бұрынғы динамикасын алғанда, кең жолақты интернет тарифтері 5 есеге дейін төмендепті. Алдағы уақытта да бұл үрдіс өз жалғасын табады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз