8-наурызда "әйел" боп кеткен еркек
2016 ж. 09 наурыз
3022
0
Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Пупыкин ерекше жағдайға тап болды. Өткен жылдың қарашасынан оның кәсіпорнының «1С-бухгалтерия» бағдарламасы одан салық төлемдерді алуды доғарған. Оның себебі жуырда ғана анықталды.
Юрий Пупыкиннің жеке куәлігінде қате кеткен: «ұлты» жолында «русский» дегеннің орнына «русская» деп жазылып кеткен. Сөйтіп бағдарлама автоматты түрде құжат иесін әйелдердің қатарына қосып жіберді.
2015 жылдың қазанында Юрий Михайлович 58 жасқа толды. Бұл әйелдер үшін зейнетке шығатын жас болғандықтан, ақылды бағдарлама одан салық алуды тоқтатқан.
Жағдайдың мән-жайы 8 наурыз қарсаңында анықталғандықтан, бұл оқиға әріптестерінің әзіліне түрткі болды.
«Мұндай қателік жайлы білмедім. Енді ХҚКО қызметкерлері өз қаражатына жаңа құжат жасасын. Өйткені бұл олардың кінәсы ғой», - деді Юрий Михайлович.
Дерек көзі: ҚазАқпарат