Сауытбек Әбдірахманов пен Владимир Божко депутаттықтан үміткерлер қатарында
2016 ж. 26 ақпан
3034
2
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел -үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы қаралып, ҚР Парламенті Мəжілісінің V шақырылымдағы ҚХА депутаттық тобының қызметі қорытындыланды. Күн тəртібіндегі басты мəселе ретінде Ассамблея сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттаттығына кандидаттар ұсынылды. Жалпы, ҚХА атынан барлығы 12 адамның кандидатурасы ұсынылды. Сондай-ақ, кеңес отырысы кезінде тағы 2 адамның кандидатурасы ұсынылды. Бірақ, кеңес отырысы кезінде 5 адам əртүрлі себептерге байланысты өз кандидатураларын алып тастауды өтінді. Олардың өтінішін қабылдаған ҚХА кеңесі Мəжіліс депутаттығына Ассамблея сайлайтын тоғыз адамның кандидатурасын бекітті. Олар: 1.V шақырылымдағы Парламент Мəжілісінің депутаты Роман Ким 2.V шақырылымдағы Парламент Мəжілісінің депутаты Ахмет Мурадов 3.V шақырылымдағы Парламент Мəжілісінің депутаты Юрий Тимощенко 4. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірахманов 5. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Владимир Божко. 6.Қызылорда қаласындағы жасөспірімдер мен оқушылар үйінің директоры, Қызылорда облысы аналар кеңесінің төрағасы - Наталья Жұмаділдаева 7.Республикалық ұйғыр этномəдени орталығының төрағасы -Шаймардан Нұрымов 8.Дұңған этномəдени орталығы қауымдастығының басқарма мүшесі -Шакир Хахазов 9.Алматыдағы армян мəдени орталығының төрағасы - Наринэ Микаелян. Ал Князь Мирзоев, Зиятдин Касанов, Александр Барон, Талғат Мамашев, Павел Феодориди өз кандидатурасынан бас тартты. Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы 21 наурыз күні кезекті сессиясын өткізіп, осы адамдар арасында 50 пайыздан артық дауыс жинаған адамдарды депутат етіп сайлайды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат (Тақырып өзгертілді)