Сейітқазы Матаев үй қамауына алынды
2016 ж. 25 ақпан
2330
1
Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оған қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қағанаттандырды. Адвокат Андрей Петров Матаевтың туыстарының кепілақының қажетті сомасын төлегенін және сондықтан тараптың Ұлттық бюроның өтінішін қабылдамай тастап, кепілмен босатуды сұрайтынын атап өтті. Алайда сот үй қамауына алу туралы шешім шығарды.
Ал Журналистер одағының басшысы сотта сөз сөйледі. Ол өз кінәм жоқ деп, отанын тастап кетпейтінін айтты. "Тергеу органдарының тарапынан маған және менің отбасына қатысты ешқандай да қысым жоқ, Мен өз еліме әрмен қарай да қызмет ете беруге дайынмын", - деді Матаев.
Осыған дейін Матаевтың мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында ақша жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментіндегілердің мәліметінше, "ҚазТАГ ХАА" ЖШС-мен және "Ұлттық баспасөз клубы" Қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасасқан. Департамент өкілдерінің хабарына қарағанда, тапсырыс берушілердің басты шарты мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын халыққа жеткізу мен сол туралы мәліметтерді жалпыға ашық түрде таралуына мүмкіндік беру болған, алайда бұл талаптар орындалмаған.
tengrinews.kz