"Керуен" СОСО ғимаратынан адамдар эвакуацияланды (фото)
2016 ж. 17 ақпан
2516
0
Астанада "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, сауда және ойын-сауық орталығынан адамдардың барлығы эвакуацияланған. Олар ғимараттан күмән тудыратын қалтаның іздестіріліп жатқанын айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сауда орталығының маңында өртке қарсы қызмет, полиция және жедел жәрдем қызметі көліктері тұр.

© Бағлан Айдашов.
© Ералхан Серікбаев
