Бейсен Тәжібаев: Президент пен премьер кетісе ме?
2016 ж. 16 ақпан
2358
0
Осыдан бір жыл бұрын ғана Украина лидерлері керемет тандемдер секілді көрінетін. Енді бір аптадан бері Рададағы басым орынды иеленетін "Петр Порошенко блогы" премьер-министр Яценюкті "тепкілеп" жатыр. 30-да орда бұзып министір болған, 40-да кешегідей алапат Майданды ұйымдастырып, Януковичті тағынан аударып түсірген Яценюктің тағдырын депутаттар бүгін шешпекші. Негізі Украинанын тариxи таңдауын түбегейлі өзгерткен Майданды үш тұлға - Яценюк, Кличко, Тянгибок жасаған еді. Сол кезде Порошенко Рададағы 480 депутаттың бірі ғана болатын. Әрине, украиндардың сыртқы майданы шиеленісіп тұрғанда іштегі тартыстың асқынғанына ресейліктер раxаттанып отыр. Тіптен осы жігіттің талабымен түрмеден де босаған, депутат болған атышулы Тимошенко да Арсениді ашық сынауға көшті. Шамасы премьерлікке Рада төрағасы 38 жастағы (суретте) Гройсман келетін шығар. Әлде Президенттің курстасы Саакашвили... Жарайды, босаған тақ бос болмас. Ең бастысы Яценюк өзі жасаған төңкерістің қызығын өзгелердің тамашалауына шыдап, тыныш отыра ма? Барша ел тілеулес болып тұрған Киевке жаңа майдан қажет емес. Әсіресе негізгі күрес Қырым мен Донбас үшін жүретін сын сағатында саясаткерлер келісімге келуі керек.
Бейсен Тәжібаевтың фейзбук парақшасынан