Жол-патрульдік полицейі пара алу үстінде ұсталды
2016 ж. 15 ақпан
4183
0
Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкері пара алу үстінде ұсталды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Ақпанның 14-і күні сағат 15:15 минут шамасында Степногор қаласы автовокзалы ғимаратының ішінде 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 100 мың теңге көлемінде пара алмақ болған жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері қолға түсті. Аталған жол-патрульдік полиция қызметкері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін ақша сұраған.
Қазіргі кезде, 23 жастағы полиция қызметкері уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.
Дерек көзі: ҚазАқпарат