Ерасылды өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде аталған жан түршігерлік оқиғаға қатысы бар деген күдікпен төрт адам қамауға алынды және есімдері белгілі болды.

Ерасыл Әубәкіровті өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Олар марқұмның жерлесі - Аян, Нұрбек, Виталий және Андрей есімді азаматтар деп жазады Корреспондент. Аталған іспен Астана қалалық ішкі істер департаменті айналыспайтын болды. Бұл қылмыстық істі Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің арнайы тергеу тобы қолға алды. Күдіктілердің әрекеті дәлелін тапса, олар өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Себебі  алдын ала сөз байласып, ұйымдасқан түрле адам өлтіру аса ауыр қылмыс түріне жатады. Еске сала кетейік, 3 ақпан күні үйінен шығып кеткен Ерасыл Әубәкіровтің денесі 10 ақпан күні табылған болатын. Студентті өлтіргендердің бірі танымал бизнесменнің ұлы болып шықты.
 Дереккөз: Nur.kz