Алматы қонақ үйлерінің біріне жұмысқа мысық қабылданады: Айлығы - 300 мың теңге
2016 ж. 08 ақпан
2792
3
Алматыдағы қонақүйлердің бірі жұмысқа мысықтарды шақыруда. Жалақысы да жаман емес - 300 мың теңге.

Мысық қожайындары мен жануарлар үйінің иелері бұл хабарландыруға жарыса жауап беруде. Кастинг ақпанның аяғына дейін жүргізіледі.

Instagram пайдаланушылары ондаған үздік үміткерлерді таңдайды, ал төрешілер жеңімпазды анықтайды.
Егер мысықты жануарлар үйінен алатын болса, ақшаның жартысы оларға қайырымдылық мақсатында аударылып отырады.
Дереккөз: Nur.kz