Аптадағы тағайындаулар: Кім кетті, кім келді?
2016 ж. 06 ақпан
2896
0
Осы аптада негізінен бірқатар ұлттық компаниялар мен даму институттарында кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Мұнан бөлек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметіне кірісіп, Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы тағайындалды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.
Сонымен, Ғалымова Әлия Қайратқызы «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Ол 1970 жылдың 18 шілдесінде Павлодар қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұстаздық еткен. ҚР Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөліміні басшысының орынбасары, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болды. «Құрмет» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы қызметіне Жандос Сәрсенов келді. Сонымен қатар оның орынбасарлары болып Берік Ахметов пен Талант Медет тағайындалды.
Ж. Сәрсенов 36 жаста. Оның екі жоғары білімі бар. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «заңгер-халықаралық қызметкер» мамандығы бойынша, Лондон экономика және саяси ғылым мектебін «мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратында жауапты лауазымдарда қызмет етті. 2014 жылғы қараша мен 2016 жылғы қаңтар аралығы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі департаменті басшысының орынбасары - Қарағанды облысы Тәртіптің кеңесінің төрағасы болды.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында Басқарма Төрағасы ауысты. Холдингтің 2016 жылғы 1 ақпанда өткен Директорлар кеңесінің шешімімен «Даму» қорының Басқарма Төрағасы лауазымына Қаныш Тілеушин тағайындалды. Жаңа тағайындауға дейін Қ. Тілеушин «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры - басқарма мүшесі қызметін атқарған болатын.
Қаныш Тілеушин «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2006 жылы Оксфорд университетін (Оксфорд, Ұлыбритания) үздік тәмамдап, инновациялық менеджменттің магистрі атанған. Сондай-ақ, қаржы және кредит мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін бітірген. Ол еңбек жолын 2004 жылы «Темірбанк» АҚ-да бухгалтер мамандығынан бастады. Кейіннен сол банкте есептеу-кассалық бөлімнің басшысы болып тағайындалды. Әр жылдары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да консультант, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да бас сарапшы қызметтерін атқарды. 2007 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінде Инновациялық саясат басқармасын басқарды. 2008 - 2011 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде еңбек етті. 2011 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры - басқарма мүшесі болып жұмыс істеді. Әр жылдары Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп, Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде «Мемлекеттік саясат және басқару» тақырыбы бойынша оқу мен тренингтер, ЮНИДО тренингі, Австрияда «Өңдеу өнеркәсібінің болашағы» тақырыбы бойынша тренинг, «Ernst&Young» бизнес мектебінің қаржылық үлгілеу, бизнесті бағалау, МВА, қаржылық талдау мен инвестициялық жобаларды бағалау тақырыптары бойынша тренингтерден өткен.
Бұған дейін «Даму» қорын басқарған Ләззат Ибрагимова «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.
Ал, Алина Алдамберген басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
«Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ.
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Төрағасы Т.А.Құлыбаевтың бұйрығымен Ақшолақов Болат Оралұлы 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ақшолақов Болат Оралұлы 1993 Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Статистика» мамандығы бойынша бітірді.
1993 жылдан бастап «Alem Bank Kazakhstan» филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі; бағалы қағаздар бөлімінің, дилингтік операциялар бөлімінің бастығы, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару департаментінің директоры; «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ ТШО департаментінің менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК бизнес талдаушысы, стратегиялық жоспарлау менеджері, үлестерді басқару жөніндегі қаржы директоры қызметтерінде еңбек етті.
2006 жылдан бастап, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті, ҚР мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылғы қыркүйектен бастап - «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Сонымен «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары -Данияр Әмірбайұлы Берлібаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ халықаралық келісімшарттар департаментінің директоры - Ардақ Жұмағұлұлы Мұқышов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) - Нұртас Нұрибекұлы Шманов, сондай-ақ тәуелсіз директорлар - Луис Коимбра, Серік Достанұлы Пірімбетов және Фернандо Мачинена, ал «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Д.Берлібаев сайланды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат