«Ақ жол – Еңбек етер кез келдi»
2016 ж. 03 ақпан
1962
6
«Ақ жол» партиясының «Ақ жол – еңбектенер кез келдi» сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Астанада «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының кезектен тыс ХIII съезi басталды.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының кезектен тыс ХIII съезi барысында «Ақ жол» партиясының «Ақ жол – еңбектенер кез келдi» сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
«Ақ жол» демократиялық партиясының бағдарламасы 10 негiзгi бөлiмнен тұрады. Бағдарлама бизнестi қорғау және кәсiпкерлiк саласы, нарықтық реформалар және экономика, бiлiм мен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсiптiк кешен, рухани-мәдени сала, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық реформа мен қауiпсiздiк саласын қамтыған.
«Дамыған экономикасы және өз күшiне сенетiн халқы бар мықты мемлекет қана шын тәуелсiз бола алады. Экономикамыз бәсекелестiкке төтеп берiп, елiмiздiң азық-түлiк, өнеркәсiптiк, технологиялық және тауарлық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алуы тиiс. Сондықтан, бiздiң алдымызда экономиканы тұтынушылық сипаттан жан-жақты өнiмдi бизнеске көшiру мiндетi тұр», - делiнген бағдарламада.
Айта кетейік, 75 делегат қатысқан партияның бүгiнгi съезiнде партия Жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, партияның ревизиялық комиссиясы бюджеттiң орындалуы туралы есеп бердi. Сондай-ақ, партия өкілдері бағдарлама мен жаңа мiндеттердi жүзеге асыру туралы баяндады.
Дерек көзі: БАҚ.кз