Өзбекстанның ұятсыз әншісі Қазақстанға бассауғалап келді

pic_077896c7bcc37c6b009fd5eef62b4820Өзбек әншісі Эсмеральда Рахматова (өнердегі лақап аты Тамила) тәнін жалаңаштап түскен видеосы үшін әншілік лицензиясынан айырылып, Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлайды Qalampir.

Өзбек әншісі Instagram желісіндегі жеке парақшасын да өшіріп тастаған. 2 ақпан күні «Узбекнаво» эстрада бірлестігі Тамиланы ашық-шашық видеосы үшін туындаған жанжалдан соң, лицензиясынан айырды.

«Эсмеральда Рахматова (Тамила) әншілік талаптарды және лицензиялық келісімнің шарттарын бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды", - деп жазылған ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, 31 қаңтар күні Telegram хабарлама желісінде өзбек әншісі Тамиланың тәнін жалаңаштаған екі видеосы ел арасына таралып кеткен еді. Бірінші роликте бейтаныс еркек әншіден эстрадаға келгенге дейін немен айналысқанын сұрайды. Жауап ретінде әнші орнынан тұрып, шалбарын шеше бастайды. Екінші видеожазбада жас бикеш жалаңаш күйінде түнде көшеде кетіп барады.

Айта кетерлігі, Ташкентте музыкалық бейнебаяндар, әншілердің сахнада өнер көрсетуі, өзін-өзі ұстауы қатаң бақылауға алынған. Өзбекстан үкіметі әндердің өнегелік мәтінін қадағалайтын сот қаулысын өткен жылдың желтоқсан айында қабылдады.

Дере көзі: Нұр.кз