Қорғаныс министрлігі студенттер арасында "Әскери дискурс" ұйымдастырды

img_2074_6627Бүгін болашақ журналистерге,  экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинарына қатысушыларға соғыста аман қалудың тағы бір тәсілін үйретті. Бір-біріне сенім ұялату тұрғысында студенттермен арнайы психологиялық сабақ өткізілді.

Студент журналистерге бұл «сынақтан» өту және бөгде адамға өзін сеніп тапсыру оңайға соқпады. «Бұл ойында өзіміздің жеке кеңістігімізді бұза отырып, бейтаныс адамдармен етене жақындасуға тура келді. Бұл ең күрделісі шығар, сірә! Бұның барлығы шынайы емес екенін түсінсем де мен үшін бұл сынақ алаңы болды», - деп 2 курс студенті Индира Маймұранова  алған әсерімен бөлісті.

Әскери нұсқаушылардың айтуынша, әскери іс-қимыл аймағында журналист мүлдем бейтаныс адамдармен жұмыс жасайды. Дін аман қалу үшін оған сене алуды және бейтаныс адамдармен командада жұмыс жасауға үйрену маңызды.

Соғыстағы журналистің рөлі ерекше. Бейнесюжеттер және репортаждармен әскери іс-қимылдардың шынайы бет-бейнесін көрсету үшін  ол әркез өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігеді. Алайда, өкінішке орай, бүгінде жаңа түр мен сипатқа ие әскери қақтығыстар аймағында журналистердің дәл өзі жиі түрде қылмыстық топтамалардың  құрбанына айналады. Бұл жағдайда дұрыс мінез-құлық таныта білу бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне жақсы материал әкеліп қана қоймай, сонымен бірге өмірін де сақтап қалады. Сондықтан мол тәжріибесі жоқ болашақ журналистерге экстремалды жағдайларда жұмыс жасай білу және аман-есен қалу үшін осындай дағдыны меңгеруі аса маңызды. Дерек көзі: mod.gov.kz