ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Жуырда Алматы гарнизоны бойынша әскери сот банктен 93 млн. теңгені алаяқтық жолмен жымқырған қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды. Қозғалған іс нәтижесі бойынша 6 адам кінәлі деп танылды. Құқық қорғау органдарының бұрынғы екі офицері басқарған қылмыстық топ жалған құжаттар жасау арқылы қомақты қаржыны қалталарына басқан. Олар ақшаны бұрын екі мәрте сотталған, еш жерде жұмыс істемейтін азаматтың атына есеп-шот ашып, аударып отырыпты. Алаяқтардың істі шебер ұйымдастырғаны соншалықты банктен ақшаны алып кетуге, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің көлігімен келіп жүріпті.

Тергеу амалдары бір жылға созылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Өйткені топтың құрамындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері әлі бой тасалап жүр.

Қолға түскен қаржы полициясының қызметкері 9 жылға, ал банк қызметкерлері 8 жылға бас бостандығынан айрылды.