АЖАЛ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Жақында Қарағанды облысындағы Мойынты стансасы маңында қатты жылдамдықпен келе жатқан Астана-Алматы бағытындағы №4 ші жолаушы пойызының тежеуішіндегі тетік сынып, қарама қарсы өтіп бара жатқан жүк пойызының вагонына соғылып қалды.

 Екпінді соққының кесірінен бөлшек кері қайтып, пойыз ресторанының терезесінен ішке қарай кіріп кеткен. Салмағы 15 келіге жететін бөлшек аспаз әйелдің басына тиген. Ойламаған жерден болған соққының салдарынан аспазшының басы екіге бөлініп кеткен. Тергеу жұмыстарының барысында ақау шыққан локомотивтің екі ай бұрын ғана күрделі жөндеуден өткізілгендігі белгілі болды.

«Ажал айтып келмейді» деген бәлкім осы болса керек. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

 

Дайындаған Гүлмира САДЫҚОВА