Қайрат Мәми әлем-жәлем киінген сот қызметкерлерін сынға алды
2016 ж. 26 қаңтар
3008
0
Жиын барысында Қайрат Мәми алматылық сот қызметкерлерінің тұрғындарға дөрекі қызмет көрсететінін ескертті. Қазақша сөйлемейді, қызметтік киімді ұмытқан, тұрғындарға дұрыс қызмет көрсетпейді және тағы басқа да кемшіліктер жіпке тізді.
«Медеу ауданының екі сотында да кеңсе қызметкерлері қалай болса, солай киінген. Бір форма жоқ. Біреуі спорттық киіммен жүр. Біреуі қысқа юбкамен жүр. Әлем-жәлем бәрі», – деді Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми.
Сонымен бірге жыл қорытындысында сот ісіндегі бірқатар кемшіліктер айтылды. Азаматтық іс бойынша жұмыс сапасы нашарлаған. Яғни, жарты жылдың ішінде қаралған арыздардың саны 54 пайызға өсіпті. Оған қоса, республика көлемінде тоқтатылған барлық азаматтық істердің 78 пайызы Алматыға тиесілі. Мамандардың пікірінше, 5 сатылы сот жүйесінің 3 деңгейге қатысуы істердің қаралу уақытын қысқартқан.
qazaquni.kz