Полиция бір жылда 13 мың адамның сақалын қырып тастаған

2015 жылы Тәжікстанның Хатлан облысында жергілікті билік 13 мың ер адамның сақалын күшпен алып тастаған. Сонымен қатар, 2 мың әйел өз еркімен хиджаб киюден бас тартқан деп жазады Қазақпарат.

150507103022_tajikistan3_624x351_bbc

Фото: bbc.com

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары «тәжік мәдениетіне сәйкес келмейтін құндылықтармен» күрес барысында осындай шараларды қолға алған.

Тәжікстанның милиция қызметкерлері жүз мыңға  жуық сақалды адамдарды ұстаған. Олардың аты-жөнін анықтап, саусақтарының ізін алған соң сақалдарын күшпен қырып тастаған.

«Жат құндылықтардан арылыңдар! Дәстүрлі үлгімен тігілген киім киіңдер, тәжік әйелі үшін қара түс қаралы күйдің белгісі», – деп атап өткен мемлекет басшысы Эмомали Рахмон.

qazaquni.kz