Елбасы кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді. Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты

sailau
Елбасы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалнама да бұл ұсыныстың кеңінен қолдау тапқанын көрсетіп отырғанына назар аударды. Қ.Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттар іс-қимылын сәйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.