«ТұрғынүйЖинақБанкі» салымшыларына төленетін өтемақы көлемі белгілі болды
2016 ж. 15 қаңтар
2498
2
Министрдің мәліметтері бойынша, өтемақы көлемі 60,9 млрд теңгені құрамақ. 2016-2017 жылдары оның 24 млрд теңгесі банктің жеке табыстары есебінен өтеледі. 36,9 млрд теңге биыл және келесі жылдары үкімет резервтерінен бөлінеді.
«Тиісті шешім Экономикалық саясат кеңесінде қабылданды. «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен ТұрғынүйЖинақБанкімен бірлесіп, үкімет аясында тиісті шешімдер жасақталуда. Өтемақы төлеу екі траншпен: 2016 жылдың шілде айында және 2017 жылдың қазан айында жасалады», – деді Досаев.