Жазушылардың дауы Елбасыға да жетті

d0b8d181d0b0d0b1d0b5d0bad0bed0b21

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 16-cы күні жазушы Дулат Исабековті Алматыда Құрбан айт мерекесі күні қабылдады. Сәрсенбінің сәтіндегі әңгімеде Елбасымен ақтарыла әңгімелескен жазушы бүгінгі қаламгер қауымы жайлы да сөз болғанын айтады.

Д.Исабеков Азаттық радиосына берген сұхбатында, Елбасының ауыл жағдайын егжей-тегжейлі сұрағанын айта келіп, «Ауыл мәселесінен өзге тағы не айттыңыз президентке?» деген тілші сауалына былай деп жауап береді:

– Жазушылардың жағдайы, Жазушылар одағындағы атмосфера, моральдық климат нашарлап кеткендігі туралы сөз болды, оны жөндеуіміз керек. Сонан кейін жеке шығармашылығым жөнінде Президент менен түбегейлі сұрады не істеп жатқанымды. Мен өзім қолға алған триптихты бітіргенімді, соның сюжетін түгел айтып бердім. Ол кісі риза болды. Кадр мәселесі туралы да, елімізде Президентке еліктейтіндердің өзін өзі жарнамалауы көбейіп кеткені жайлы да айтылды. Мына облыс әкімдері халықты үйіріп қойып, үш-төрт сағат далада күттіріп қоятын болды, тіпті аудан әкімдеріне дейін Назарбаевқа еліктейтін сияқты. Ең аяғы, Жазушылар одағының өзінде осындай бар, ол бұлардың бәріне сын көзбен қайтадан бір ойланып қарау жөн сияқты деді.

Демек, қаламгерлер ортасындағы қызу пікір-талас та Елбасының назарынан қағыс қалмаған екен.