Депутат қылмыстық топ құрып, ақша бопсалаған
2016 ж. 12 қаңтар
2966
0
Теміртауда қалалық мәслихат депутаты қылмыстық топ құрып, ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу мәліметіне қарағанда, Кеңесхан Басқарбаев қала тұрғынын қорқытып-үркіту арқылы дүние мүлкін тартып алумен айналысқан деп хабарлайды КТКарнасы.
[caption id="" align="aligncenter" width="831"] Кеңесхан Басқарбаев[/caption]Атап айтқанда, депутат бір әйелдің пәтерін, көлігін және Украинадағы үйін тартып алыпты. Тұтқындау барысында одан сол дүние мүліктің құжаттары тәркіленген.
Кәсіпкерлікпен айналысатын Кеңесхан Басқарбаев Теміртаудағы бокс және кикбокс федерациясының төрағасы және белгілі бапкер. Тіпті қажылыққа да барып үлгерген ол «Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесі жемқорлыққа қарсы кеңесінің төрағасы қызметін қатар атқарып келген.
Осы лауазымда депутат, әсіресе, құқық қорғау органдарындағы жемқорлық мәселесіне қырғидай тиген екен. Сондықтан адвокаттары, мұны шенді полицейлердің жауабы ма деп те күдіктеніп отыр. Қазір Басқарбав сыбайласымен бірге тергеу абақтысына қамалған.
qazaquni.kz