СЕМЕЙДЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ ӨРШІП ТҰР

Басқа қалаларға қарағанда Семейде есірткі бизнесі өршіп тұр. Былтырғы жылы тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 13 аса ауыр қылмысты әшкерелесе, биыл бұл көрсеткіш 22- ге дейін жетіпті. Керек десеңіз 10 күннің ішінде заңсыз есірткі сақтау мен тасымалдауға қатысты 4 қылмыстық оқиға орын алып үлгеріпті. Оның үшеуі  Қырғыз елінен Ресейге апиынды контробандалық жолмен тасымалдаушылардың әрекетіне қатысты болып шықты. Сондай-ақ, марихуананы өз үйінде өсіретін тұрғындар табылды мұнан.  бір оқиғада жергілікті тұрғын өз үйінде өсірген.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері темір жол бекетінен заңсыз есірткі тасымалдаған тағы бір азаматты құрықтады. Тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен салмағы 1 келіден жоғары кептірілген марихуана мен есірткі затының жас көшеттері табылған. Жаз мезгілінде ол Көкпекті ауданында жұмыс істеумен қатар, есірткі өсірумен де айналысыпты.

Қазір оның үстінен есірткіні өсіріп, өңдегені үшін және аса ірі көлемдегі есірткіні сақтап, алып жүргені үшін екі бірдей іс қозғалу үстінде. Оңай олжаға кенелгісі келген ол ендігі жерде 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Г.САДЫҚОВА