Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер миллиардер Дональд Трамп қазіргі президент Барак Обама мен президенттікке Демократиялық партия атынан үміткер Хиллари Клинтонды ИГИЛ (ДАИШ)* террористік ұйымын құрды деп айыптады,
"Олар ИМ-ді құрды. Хиллари Клинтон ИМ-ді Обамамен бірігіп құрды", — дейді Дональд Трамп. Бұл сөзін ол Сауд Арабиясы мен Ирандағы елшіліктерге жасалған шабуыл туралы сөз барысында айтты.
Естеріңізге салақ, Сауд Арабиясында террористтік үшін айыпталған 47 адам жазаланған. Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жазаланғандардың көпшілігі 2003-тен 2006 жылға дейінгі "Аль-Каида" шабуылдарына қатысы бар. Сотталғандар арасында шииттік уағызшы - шейх Нимр ан-Нимр бар болып шықты. Тергеу бойынша, ол нәтижесінде полицейлер қаза тауып, мемлекеттік мекемелерге қарсы терактілер жасалған шииттік азшылықтың толқуына қатысы бар.
Кейін Иранда жазалауға қарсы акция жүрді. Тегерандағы Сауд Арабаиясы елшілігіне шабуыл жасалды. Куәгерлердің айтуынша, ереуілшілер елшілікке қарай "Молотов коктейлдерін" лақтырған.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жаппай жазалау туралы айта отырып, Сауд Арабиясын бұл жаза түрінен бас тартуға шақырды.
*ИГИЛ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.
qazaquni.kz