Мемлекет басшысы Астананың жаңа жылдық кешіне қатысты
2015 ж. 30 желтоқсан
4735
33
Елбасы Астананың жаңа жылдық кешіне қатысты. Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы алдағы жылды республикамыз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізетінін айтты, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі Ақорда сайтаны сілтеме жасап.
Ұлы мерекені лайықты қарсы алу үшін бүкіл еліміз жұмыла еңбек ететін болады. Егемендік жылдары жаңа ел қалыптасты, оған барша қазақстандықтардың күш-жігері арқылы қол жеткізілді. Көпэтносты және көпконфессиялы халқымызға бірлескен жұмыс үшін зор алғысымды білдіргім келеді, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев баршаны алдағы Жаңа жылмен құттықтады және елімізге игілік, әр үйге татулық пен келісім тіледі.
Қайырымдылық кешінен түскен қаражат түгелімен «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қорына аударылады.
qazaquni.kz