АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АЗАМАТ- «АЛТЫН ЖҮРЕК»ИЕСІ

0
3236

Қазақта пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дей­ді. Ол сөз тегін айтылма­са керек-ті. Себебі бір адам­ның бойында осыншама қа­сиеттердің болуының өзі – ерекшелік. Бүгінде қоғам қайырымдылық жасауды азаматтық және адамгершілік парыз деп біледі.

Жомарттықты на­си­­­­хат­­тап, қайырым­ды­лықты қанға сіңіру мақсатында елімізде тың жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі қолы ашық жандар үшін «Бауыржан» қоғамдық қайырым­дылық қоры ұйымдастырған «Алтын жүрек» сыйлығы. Себебі ол, адамзатты ізгілікке бастайтын ұлттық қоғам­-
дық сыйлық. «Алтын жүрек» жобасын білмейтіндер кем­де-кем шығар. Жобаның дүниеге келгеніне не­бә­рі төрт-ақ жыл болса да, кеңінен танылып үлгерді. Қазақстан үшін жобаның басты мақсаты; меценаттық пен қайырымдылықты танымал ету және оны елімізде дамыту. Бюджеттен қаржыландыруда тапшылықты сезінетін қо­ғам­дық әлеуметтік және мә-
дени бағдарла­маларға қайы­рым­­дылық жасайтындар назарын аудару.

Бұған Қазақстан бойынша қайыры-мдылық көрсеткен коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалар қатысады. Іс жүзінде қайырымдылық жасағандар мен әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырғандар ғана жеңімпаз атана алады. Олар он номинация бойынша анықталады. Десек те, ізгі жандар «Алтын жүрек» сыйлығын алу үшін ғана қайырымдылықпен айналысып келе жатқан жоқ. Жомарттық – олардың қанына сіңген қасиет. Ал енді жүрегі жомарт, кеудесі ізгілікке толы азаматтарымызға келсек, олардың қатары аз емес. Өткен жылы бұл шараға небәрі ұжым мен жеке меценаттарды алғанда 70 қатысушы тіркелсе, биыл олардың қатары 120-дан асып түскен. Соған қарамастан жомарттығымен топ жарғандар «Алтын Жүрек» сыйлығына ие болды. Соның бірі жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов. Халық қалаулысы «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациямен марапатталды. Қашанда қарапайым, өзінің жасаған қайырымдылығы мен көр-сеткен демеушілігі жайында жариялап көрмеген, даңғаза атақ пен мақтаннан аулақ жүретін азамат, бұл жолы лайықты марапатқа ие болды. Еңбегі еленіп, ел алдында абыройы артты. Иә, ел-жұрты бір қоштап шексіз қуаныштарын бөлісті. Себебі, халық атты қалың жұрт Нұртайдай ұлдарының қоғамға қосып жатқан үлесін біледі, бағалайды. Тек қана білім саласына ғана емес, мәдениет, денсаулық, спорт, әлеуметтік салалар мен жеке адамдарға көретіп жатқан көмегінің өзі бір төбе. «Туған жерге туың тік», — дегенді жадында жаттап өскен елінің адал ұланы өзі туған Шыңқожа ауылына соңғы үлгідегі Мәдениет үйін салып берді. Оны толықтай жабдықтап, ішінен іздесең оңайлықпен таба алмайтын мың жарым дана кітап қоры бар кітапхана ашты. Музыкалық аппараттар қойып, оркестрге арналған ұлттық аспаптар әперді. Соның арқасында ауылда бірнеше адам Мәдениет үйінен жұмыс тапты. Үржар ауданының Елтай ауылында да Мәдениет үйі Нұртай Салихұлының қолдауымен ашылды. Бүгінде ауылдағы жастардың бас қосатын мәдени ошағына айналды. Аякөздегі мешіт те, осы азаматтың демеуімен жұмысын бастады. Аякөз, Үржар, Жарма аудандарындағы бірнеше білім ордаларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасады. Оның ішінде Абай ауданы мен Семей қаласы да бар. «Жетім көрсең жебей жүр»,-дегендей Науалы балалар үйіне жыл сайын, 1-маусым өзінің туған күнінде сыйлықтар жасап тұруды дағдыға айналдырған. Сондай-ақ жыл сайын қаншама баланың оқу ақысын төлеп, өз атынан шәкіртақы тағайындап беріп отырғанын, бұған қоса, жағдайын айтып көмек сұраған жетім-жесір, жарымжан жандарға, науқас балаларға, қарттарға, мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсеткенін ауыз толтырып айтуға болады. Бір жыл ішінде 12 млн. теңге көлемінде қайырымдылық шараларын жасағанын да ерекше атауға болады. Қаржылық әлеуеті әлжуаз мәдениет, спорт, білім, саласына да әлі күнге ат салысуда. Ол қашанда ізгілік пен қайырымдылықты ту етіп, адамгершілік пен адами асыл қасиеттерді жүрегінде сақтайды. Сол себепті де «Алтын жүрек» сыйлығының лайықты иегері. Нұртай Салихұлы бұл сыйлыққа өзінің таза, адал еңбегімен, үлкен жомарт жүрегімен жетті. Иә, «Алтын Жүректің» иесі – үлкен жүректі азамат.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз