ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗЫНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ЖАҢА ДАУ
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кенже қызы Лола Каримова-Тилляеваның адвокаты «Нью Йорк Таймста» жарияланған мақаланы сынады.
Онда өзбек президентінің кіші қызының Лос-Анджелестің қымбат ауданында құны миллиондаған долларлық 4 бірдей сарай сатып алғаны туралы жазылған.
«...аққулы көлі, мысырлық нақышта оюланған бағаналары ұстайтын түрік хаммамы бар салтанатты шато. Оны Хадидпен байланысты шелл-компания президент Каримовтың қызы Лола Каримова-Тилляевамен тығыз байланысты басқа компанияға сатқан. Құқық қорғау органдарында істеген және тергеу барысынан жақсы хабардар екі дереккөздің хабарлауынша, Каримовтер отбасына қатысты бірнеше елде жемқорлық істер бойынша тергеу жүріп жатыр»,- деп жазылған «Нью Йорк Таймс» бетінде басылған мақалада.
NYT-та жарияланған мақалаға орай, Азат Еуропа және Азаттық радиосының сауалына берген жауабында адвокат клиенттеріне қатысты жемқорлық тергеу істері туралы пайымдауларды жоққа шығарды
«БАҚ бетерінде Лоланың әпкесі Гүлнара Каримованың бірнеше заң құзыретінің аясында тергеліп жатқаны туралы хабарланды. Алайда менің клиенттерім ешқандай тергеудің нысаны болған емес.» - делінген хатта.
АҚШ-тың беделді басылымы «New York Times»-та желтоқсанның 15-де жарияланған мақалада тегі палестиндік Лос-Анджелестік девелопер Мохаммед Хадидтің күмән тудыратын келісімдері туралы және оның көмегімен 2013 жылдың жазында Лола Каримова – Тилляева мен күйеуі Тимурдыың 58 млн долларға Le Palais үйін сатып алғаны жазылған. Еуропалық және америкалық басылымдар бұл жаңалықты айналып өте алмады.
Алайда «Нью Йорк Таймс» бұл сарайдан бөлек, осы қымбат аудандағы миллиондаған доллар тұратын тағы үш бірдей үйді Өзбекстан президентінің кенже қызына тиесілі деп санайды.
Лола Каримова-Тилляеваның адвокаттарыы бұл пйымдауларды үзілді-кесілді жоққа шығармайды, бірақ клиенттерінің табыстарын заңды жолмен тапқаны туралы мәлімдейді.