ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ – АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ КЕПІЛІ.

15
21654

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, ҚР ДМ Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымы докторы:

Құрт ауруы құртып бара жатқан елдер аз емес. Өзге ұлттарды айтпағанда қазақтың Шоқан, Сұлтанмахмұт секілді ұлылары осы құрт ауруының құрбаны болғаны белгілі. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда туберкулез дертінен қалай сақтануға болады немесе қалай емделу керек? Біз осы сауалдарға жауап ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Тілеухан Әбілдаевтың мақаласын жариялап отырмыз.

«Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының» директоры Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев 1962 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Медицина ғылымдарының докторы, доцент Денсаулық сақтаудың жоғарғы санатты ұйымдастырушысы, әлеуметтік-гигиеналық дәрігер, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің жобасын жасаушы топтың мүшесі.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!» Дәл осылай тауып айтқан дана халқымыздың «Құдай «сақтансаң-сақтаймын» деген» деп өте орынды ескертуі де тегін болмаса керек. Ал осы айтылған қанатты сөздерді бүгінгі таңда ең алдымен ең қатерлі дерт – туберкулезге байланысты қолдануға болады.

Туберкулез – қатерлі, жұқпалы ауру болып қалуда тұрғындардың еңбекке жарамдылығын жоғалтып, қайтыс болу жағдайларына апарып соғуына байланысты мемлекетке үлкен орны толмас зардабын тигізуде.

Денсаулық сақтаудың ғаламдық дүниежүзілік ұйымы (ДДҰ) туберкулезді адамзатқа қауіп деп жариялай отырып, барлық мемлекеттердің үкіметтерінен осы мәселені шешуде кезектен тыс іс – шараларды қабылдауын, әрбір мемлекет өзінің халқының денсаулығына төнген туберкулез эпидемиясын назардан тыс қалдырмауын сұрады. ДДҰ соңғы 2008 жылғы бағалауларына сәйкес әлемде туберкулезге шалдығудың 9 миллион жаңа жағдайы тіркелген. Ересектер арасындағы жұқпалы аурулардан қайтыс болуда туберкулез басты себеп болып отыр. Жыл сайын жер бетінде туберкулезден 2 миллиондай адам қайтыс болуда.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының арасынан Қазақстан Республикасы бірінші болып ДДҰ сарапшылары ұсынған заманауи әдістер мен нұсқауларды қолданып, туберкулезді бақылауын жетілдіріп отыр.

Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен күрес стратегиясының негізін құрайтын құжаттар: АМСК жүйесінде туберкулезге қарсы қызметті күшейтуді қарастыратын Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 13.09.2004 жыл №1438 «Қазақстан Республикасының 2005 -2010 жылдары денсаулық сақтауды реформалау және дамыту», ҚР Үкіметінің Қаулысы 21.12.2007жыл №1263 «Қазақстан Республикасында тұрғындарды туберкулезден қорғау шаралары», ҚР Үкіметінің денсаулықты қорғау Ұлттық Үйлестіру кеңесімен бекітілген «2008 – 2012 жылдарға арналған Туберкулезге қарсы шараларды жүзеге асырудың Салааралық Жұмыс Жоспары», және басқада нормативті – құқықтық актілер.

Жоғарғы саясы демеу мен қаржыландырудың арқасында туберкулезге қарсы қызметте Қазақстанда туберкулезге шалдығу жағдайы тұрақталып 2005 жыл мен 2009 жыл аралығында туберкулезге шалдығу 28,5% төмендеген яғни 147,3-тен 105,3-ке тең болса, қайтыс болуы көрсеткіші 38,0% төмендеп отыр яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 20,8-ден 12,9-ға тең. Осы уақыт ішінде балалардың туберкулезге шалдығуы 47,0% төмендеcе, жасөспірімдердің көрсеткіші 15,9% төмендеп отыр. Жыл сайын алғаш жұқтырылғандардың арасында туберкулездің асқынған жағдайларының тіркелуі азайуда, 2005 жылы 3,0% болса 2009 жылы 0,7% төмендеп отыр.

Туберкулезді және ТБ КДТ түрін уақытылы және дұрыс емдеу нәтижесінде, туберкулезді алғаш анықталғандардың арасында өлім көрсеткіші 2005 жылы 9% болса 2009 жылы 5,3% азайып отыр.

Туберкулезді бақылау Бағдараламасының бір бөлігі санитарлы – ағарту жұмыстары болып табылады. Сондай ақ тұрғындар арсында туберкулезді анықтауда, емдеуде, алдын алудың аса маңыздылығын түсінуде санитарлық мәдениеттілік пен білімділік әліде болса төмен деңгейде екендігін мойындау керек.

Сондықтанда, туберкулез – инфекциялық ауру (жұқпалы), туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастар жөтелгенде, түшкіргенде, түкіргенде таралатындығын ескеру керек. Осыған сәйкес бактерия бөлуші науқаспен қатынас жиі болған сайын оның айналасындағыларға да сондай жиілікте туберкулез таяқшалары өкпе тыныс жолдары арқылы енетінін әрдайым есте ұстағаныңыз жөн.

Туберкулез микобактериясын жұқтыру үшін аз мөлшердегі микобактериялар да жеткілікті. Әр бір ем қабылдамайтын бактерия бөлуші жылына 10 – 15 адамға науқасын жұқтырады. Бірақ микобактерияны жұқтырған адамдардың барлығы туберкулезбен ауыра бермейді. Тен қана микобактерияны жұқтырғандардың 5 – 10 % ғана туберкулездің белсенді және жұқпалы түрі дамиды. Көпшілік жағдайда иммундық жүйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбейуіне жол бермейді. Егер адамның иммундық жүйесі әлсіреген сайын оның ТБ ауруына шалдығу мүмкіндігі де жоғарлайды.

Көп жағдайда ТБ өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. ТБ дененің басқа да мүшелерін зақымдай алады, ми, сүйек, буындар, бүйрек және лимфа түйіндер. Бұндай түрлер өкпеден тыс ТБ деп аталынады.

Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілер болады. Туберкулез бірте – бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда кейбір белгілер тіпті апталап немес айлап болуы мүмкін.

Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі – үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен (немесе бірнешеуімен) қатар болуы мүмкін:

• дене салмағының төмендеуі;

• шаршағыштық;

• ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі;

• түнгі тершеңдік;

• кеуде ауырсынуы, шаншуы;

• алқыну;

• тәбеттің болмауы;

• қан түкіру.

 

Осы белгілер пайда болған әр бір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс. Алғашқы медициналық – санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюрографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана абсолютты диагноздың қойылуына себеп бола алады. Қақырық жағымынын микроскопиялық зерттеу – шұғыл, қарапайым және арзан әдіс, аталған әдісті жалпы емдеу мекемелерінің зертханаларында қолданады.

Сондай ақ туберкулезді ерте анықтау мақсатында алғашқы медициналық – санитарлық көмек жүйесінде «қауіп – қатер» тобы құрылады, аталғандар жылда тегін негізде флюрографиялық тексерулерден өткізіледі:

• перзентханалардың, балалар ауруханалары, нәрестелер патологиясы мен шала туылғандар бөлімшесінің жұмыскерлері;

•туберкулезге қарсы мекемелердің жұмыскерлері;

•әскери қызметке шақыртылғандар;

•жоғарғы оқу орындарының, арнайы оқу орындары мен училищелерінің студенттері;

•15-17 жастағы жасөспірімдер;

•Перзентханадан шыққан әйелдер бір ай көлемінде;

•өкпе, қант диабетінен, АИВ\ЖИТС – пен, алкоголизм және нашақорлықпен диспансерлік есебте тұратын науқастар;

•кортикостероидтты терапия қабылдайтын адамдар;

•өкпесінде кез келген этиологиялық қалдықты өзгерістері бар адамдар;

•туберкулез науқастарымен қатынаста болғандар;

•мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыскерлері;

•емдеу – алдын алу мекемелерінің қызметкерлері;

•жалпы білім беру және арнайы мектептердің жұмыскерлері;

•тергеудегі және сотталғандар (жылына екі рет);

•қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметкерлері мен әскери қызметкерлер ;

•Қазақстан Республикасына тұрғылықты өмір сүруге келген адамдар;

 

Жұмыс берушілердің есебінен ақылы негізде тесерілуге міндетті:

•Тамақ өнеркәсібінің қоғамдық тамақ, азық – түлік саудасы саласының қызметкерлері;

•тұрғындарға қызмет көрсету аясының жұмыскерлері;

•барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдаушылар;

•жоғарғы және орта оқу орындарының жұмыскерлері;

•дәрілерді даярлаумен және орап, таратыуымен айналысатын дәріхана жұмыскерлері;

•Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келген және еңбек миграциясымен келген адамдар

Осыған байланысты, 2009 жылы туберкулезді алдын алу жұмыстары негізінде 9324,2 млн. адам тексерілді яғни жалпы тұрғындардың 58,7% – ы аталған қамту өткен ғасырдың 75 – 80 жылдарындағы тексерілулерге тең болып отыр.

Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әр бір адамның жұқтыру қаупі бар, өйткені ауа барлығына бірдей. Көбіне туберкулезге шалдығудың үлкен қатері туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастармен балалардың қатынаста болуы. Сондықтанда туберкулезбен күресте алдын алу өте пайдалы. Олар спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді. Спецификалыққа химиятерапевтік емдеу мен вакцинация жатады. БЦЖ егуі балаларды туберкулезден қорғайды, егер қарсы көрсетілім болмаса перзентханаларда барлық нәрестелерге жасалынады, қарсы көрстелім болған жағдайда 1 жасқа келгенше жасалынуы керек. Сондай ақ балалардың екінші 6 – 7 жас аралығындағы қайта егуі. Қазақстанда балаларды туберкулезге қарсы егу 100% – ды құрайды.

Спецификалық алдын алу шараларына химиятерапиялық алдын ала емдеу жатады, яғни науқастармен қатынаста болған жұқтырылған балалар арасында алдын алу шаралары. Жұқтыруды болдырмаудың бірден – бір шаралары қатынаста болғандарды уақытылы тексеріп, балаларды жұқпалы ошақтардан бөлектеу, сондай ақ туберкулездің таралуын тек туберкулез науқасының уақытылы емделуімен тоқтатуға болады.

Балаларды туберкулез ошақтарынан бөлектеу үшін барлық облыстарда балалар-бақшасы, мектеп – интернаттар және балаларға арналған шипа – жайлар қарастырылған.

Еліміздің тұрғындарына туберкулезге қарсы көмекті арнайы көп салалы, қымбат медициналық құрылғылармен, заманауи рентгенаппаратуралармен, жылжымалы флюрографиялық қондырғылармен жабдықталған мекемелер қызмет көрсетеді. Еліміздегі 131 мекеменің 29% 2004 – 2009 жылдар арлығында қолданысқа берілген заманауи кешенді ауруханалардан тұрады.

ҚР Үкіметінің 21.12.2007 жылғы №1263 Қаулысына сәйкес 2008 жылдан бастап республикада туберкулезге қарсы мекемелерде төсектік қорларды құру негізінде, науқастарды эпидемиологиялық статусына, көп дәріге төзімділігіне қарай бөлу арқылы инфекциялық бақылау жүргізуге бағытталған жүйе енгізіліп отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда елімізде туберкулездің жұқпалы түріне шалдыққан емделуден бас тартушы науқастарды мәжбүрлей емдеуге арналған 18 арнайы мекеме бар, 21 үнемі бациллабөлуші туберкулездің созылмалы түрін емдейтін бөлімше болса және 28 туберкулездің көп дәріге төзімді түрін емдеуге арналған бөлімшелер қарастырылған.

2003 – 2008 жылдар аралығында ҚР ДМ ТПҰО мен Алматы қаласының Жетісу ауданының туберкулезге қарсы диспансері және АҚШ – тың Албама университетімен бірлесе отырып ДДҰ ұсыныстарының дәлелді медицина талаптарының негізінде туберкулездің көп дәріге төзімді түрін анықтаудың, емдеудің жаңа хаттамалары жасалынды. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы инфекциялық бақылаудың барлық талаптарына сай келетін, автоматтандырылған жүйедегі ауаны желдетіп, салқындататын жалғыз бөлімше болып отыр.

Жыл сайын 1998 жылдан бастап, ҚР Үкіметінің бюджетінен туберкулезге қарсы препараттарды алып, облыстар мен аймақтарға жеткізілу мақсатында қаржы бөлініп, бақылау ем жүргізіледі.

Қазақстандағы Ұлттық туберкулезбен күрес бағдарламасының басымды бағыттары болып туберкулездің көп дәріге төзімді түрін уақытылы анықтап, емдеу болып табылады. Қазақстан туберкулездің дәріге төзімді түрін әлемдік деңгейде зерттеу ДДҰ Бағдарламасына енгізілген болатын. Осыған сәйкес ҚР ДМ ТМҰО бактериологиялық зертханасы сапасына қатысты Борстель қаласында (Германия) супранационалды зертхананасында тесттан өтіп, Ұлттық референс – зертхана деген статусын иеленді. 2008 -2009 жылдар аралығында барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ТБ КДТ түрін анықтауда заманауи зертханалық құралдарды қолдану арқылы туберкулездің көп дәріге төзімді түрін анықтауды жеделдететуге бағытталған жаңа әдістер енгізілуде.

Осыған байланысты, Қазақстан барлық жұқпалы науқастарды дәріге төзімділікке зерттейтін ТМД елдерінің ішіндегі жалғыз мемлекет болып отыр, егер дәріге төзімділік анықталған жағдайда науқастар мемлекеттік бюджет есебінен екінші кезектегі қымбат препараттармен ем қабылдайды.

Туберкулездің эпидемиология-лық жағдайын жақсартуға негіз болып отырған халықаралық донорлар – Неміс даму банкы, ЖИТС, туберкулез, безгекпен күрестегі Жақандану Қоры, зертханалық қызмет, туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлерін, АМСК жүйесінің, жұмыскерлерін, салааралық ұйым-дар мен туберкулезді әлеуметтік демеу ұйымдарының қызметкерлерін оқытып, даярлауда өз үлестерін қосуда. USAID қаржылық демеуі не-
гізінде туберкулез менеджменті бағдарламасы бойынша Ұлттық Оқу Орталығы ашылды. Туберкулездің әлеуметтік негіздегі ауру екенін ескере отырып, науқастарға емделу сатыларында материалды көмек көрсету, үздіксіз емделуге ынталандыру ең басты шаралардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда бұл фтизиатриялық қызметтің маңызды міндеттері болуда.

Сондай ақ еліміздегі туберкулезбен күрес ішкі және сыртқы көші – қондық үрдістер мен қылмысты атқару жүйесіндегі жағдайлар әсерін тигізуде, аталған жүйеде туберкулезбен науқастану 6 есе жоғары болса, туберкулезден қайтыс болу 8 есе жоғары болып отыр, яғни қылмыстық – атқару жүйесі өзіндік резервуарлы инфекцияның ошағы болып отыр, сонымен қатар туберкулезге қарсы препараттарға төзімділік жағдайлары кең етек алуда. Осыған байланысты, Қарағанды және Павлодар облыстарының туберкулездік мекемелерінде ДОТС – плюс (сотталғандардың туберкулездің көп дәріге төзімділігін анықтап, емдеу) атты пилоттық жоба енгізілуде.

 

Адамда туберкулездің дамуына әсер етуші факторлар:

– дұрыс тамақтанбау

– шылым шегу, маскүнемдік және нашақорлық

– жайсыз тұрғын үй мен жұмыс орны (нашар желдетілу және т.б.)

– қосарланған аурулар (АИВ – инфекциясы, қант диабеті, асқазан – жара аурулары, жүктілік пен бала босанғаннан кейінгі уақыт)

Ауруды көптеп кездесуі жас әрі еңбекке жарамды азаматтар арасында болады.

Туберкулездің – қатерлі ауру екенін естен шығармау керек. Аурудың уақытылы анықталмауы емделмеу салдарынан асқынулармен қайғылы жағдайларға апарады, керісінше туберкулез ерте анықталып дұрыс ем қабылдаған жағдайда науқастың құлан – таза сауығуы әбден мүмкін. Ем қабылдау тегін және уақытылы анықтаған жағдайда әрқашан тиімді болады.

Қорытындылай келе, туберкулезбен тек денсаулық сақтау қызметкерлері күресіп үлкен нәтижеге жете алмайды, тіпті мемлекеттің өте жоғарғы деңгейдегі қолдауы негізінде де денсаулыққа байланысты ортақ жауапкершілік болу керек. Яғни тұрғындардың өз денсаулығына жауакершілігін арттырып, уақытылы тексеріліп, қоғам өкілдеріне ат салысу, туберкулездің алдын алу жолдарын жеткізу де, уақытылы үздіксіз емделудің нәтижелі жазылу кепілі екендігін емделудің ішінде кеңінен насихаттау бұл ауруды тоқтатуға бағыттайтын ортақ көмегіміз бен үлесіміз болар еді.

15 ПІКІРЛЕР

  1. Куйеуім сахармен учетта ет.инсуллин алат.енді туберкулез болт.балницада.жудеу.+ боп тур.бірақ жөтелмейт.жазылама енді.

    • Иммунитетті жоғарылату қыста жылы киініп; көп витаминдер және құндылығы жоғары тамақтар қабылдаңыз.Туберкулез бұл əлеуметтік жағдайға байланысты,сондықтан айналаңыздын тазалығын қадағалаңыз

  2. менде туберкулезге карсы шипажайға жатқанмын.Одан айығу ушин дәрігердин айтқанын екі етпей орындау керек, коп витаминдер жеу керек,жылы киініп жүру керек, жаксы тамактану керек айналаңдағы ауаны тазартып тұру керек жане ен бастысы емделуден бас тартпау керек,үмітін үзбек керек.ТЕК ҚАНА АЛҒА!!!

  3. мен туберкулезбен аурамын ауруханада жатырмын осы аурудан айыгып шыкканнан кейин кайта кайталан бас ушин не истеуим керек

  4. Туберкулезден толық айығу өте қиын. Ол көп қайталанып отырады. Көп адамдар жазылдым деп дәрілерін қабылдауды ерте тоқтатып қояды. Бұл індеттен жазылу 18-20айдай уақытты қажет етеді. Сол себепті туысқан, достарыңыз болсын ауыратын жандарға айта жүрулеріңізді өтінемін. Және де мемлекет тарапынан осы індетке қарсы дәрілерді тегін босатып, халыққа жәрдемдесуін қалаймын, өйткені тез айықтыратын дәрілер өте қымбат, екінің бірінің қолы жете бермейді…

    • Ол ашық түрі ма жабық түріма соған және иммунитетіңізге байланысты.Барынша иммунитетті көтеретін тағамдар.жаттығулар жасаңыз және тағы сондай шаралар

  5. Туберкулез таяқшасы барлық адамда болатынын білеміз. Егерде ауру белгілері білінсе ертерек дәрігерге қаралса ауру алдын алуға болады. Еріншектің ертеңі таусылмас, өзіңе және қоршаған ортадағы адамдарға зияныңды келтірме…

  6. Құрт ауруы құртып бара жатқан елдің бірі-бізбіз. Егер бәрі Әбілдаевтың айтқанындай болса, онда мемлекет бұл ауруға зор назар аударып жатыр екен. Бірақ, ауылджарда Алматыдағыдай тексеру, қадағалау бола береді дегенге сене аламыз ба? Жақсылық.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз