Биыл Қазақстанның ең сұлу аруы атанған Әлия Мергенбаева кітап оқыған болып шықты. Ол «Қазақстан аруы – 2015» байқауының финалында жалпақ жұртқа кітаптың бетін ашпадым деп жар салған еді деп хабарлайды КТК арнасы.
“Шынымды айтайын, мен жалпы кітап оқыған жоқпын. Кітап оқымасам да, телефоннан, интернеттен бір қызықты оқиғаларды оқығанды ұнатамын”, – деген еді ару.
Әлия сахнада қобалжып, өз ойын толық жеткізе алмағанын айтады. 17 жастағы Маңғыстау туризм колледжінің студенті білім ордасының бағдарламасындағы әдебиет, тарих секілді оқулықтарды оқиды екен. Анасына бауырларын бағуға көмектескендіктен, өзге кітаптарды ізденіп оқуға қолым тие бермейді деп ағынан жарылды.
Қазақстан аруы байқаудан ұтып алған 5 миллион теңгені де бастапқыда шешесіне бермек болыпты. Алайда екеуі келісе отырып, оның 1 миллионын қайырымдылық қорларына жұмсауды жөн көрген. Әлия әлеуметтік желілерде көп қойылған «жүлдені сатып алған шығар?» деген сұраққа қатысты да ойын айтты.
“Мүмкін мен қазылар алқасына ұнаған болған шығармын, өзімді жақсы көрсетіп. «Қазақстан аруы» байқауынан кейін көп заттар өзгерді. Мені тани бастады”, – дейді Қазақстанның 2015 жылғы аруы Әлия Мергенбаева
Дереккөз:
КТК арнасы