АЛТЫ АЛАШҚА САУЫН АЙТАМЫЗ

Аса Құрметті Ханымдар мен Мырзалар, 2010 жылдың 14 сәуірі күні қайтыс болған Әкеміз/Ағамыз/ марқұм Хасен Оралтайдың бір жылдығын атап өту мақсатымен Түрік тілінде бір кітап шығаруды ойластырып отырмыз.

Аталған кітапқа Марқұмның артынан мақала, хабар және басқа да естелік-эссе жазған баршаларыңыздың еңбектеріңізді жинақтап кіргізбекші­міз. Бұл жөнінде алдымен өздеріңіз­дің рұқсаттарыңызды алып, мақала­ларыңызды түрік тіліне аударып басамыз. Егер де қарсылық болмаса өздеріңіздің өмірбаяндарыңызды да қосымша мәлімет ретінде бермекпіз.

Екіншіден, Марқұм жөнінде бұрын басылған әңгіме және кейбір сұхбаттар кіргізіледі;

Үшіншіден, Марқұм жөнінде жаңадан жазылатын зиялы қауым еңбектерін де қосамыз. Бұл тармақтағы тақырыптар ретінде төмендегі мәселелер белгіленді.

1 ) Алаш Орда және Алашшылдар;

2) Шығыс Түркістан қазақтары және тарихы;

3) Шеттегі қазақтар (қазақ диаспорасы);

4) Қазақ ұлтшылдығы, отан сүйғіштік;

5) Азаттық жолында,

Әкеміз /Ағамыз/ Хасен Оралтайдың бір жылдығын атап өтуге арналатын кітапқа кіргізілетін материалдарды тапсыру уақыты 2010 жылдың соңына дейін. Материалдар толық жиналған соң аудару ісін қолға алып, кітапты 2011 жылғы жобаланған жылдық ас беру мерзіміне үлгіріп шығаруды ойластырып отырмыз.

Байланыс үшін: Meryem_kirimli@yahoo.com, 00(90) (542) 607 50 71

Үлкен құрметпен, Түркия елінен

Алты Алашқа сауын айтып, сәлем жолдаушы

Нұркәмал Оралтай Пынар, Мерием Хакім, Саадет Пынар Иырдырым.