Қайрат Қожамжаров - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы
2015 ж. 12 желтоқсан
3437
0
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Қожамжаровты басқа қызметке ауысуына байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
“Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалсын”, – делінген хабарламада.
Сонымен бірге елбасының өкімімен:
Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі төрағасының міндетін уақытша атқарудан босатылып, ол Қазақстаның Мемлекеттік қызмет істері министрі болып тағайындалды.
Марат Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен кетіп, президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Анатолий Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан президентінің көмекшісі қызметіне келді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалды.
Дереккөз: NUR.KZ