Коммуналдық қызметтердің селқостығынан Астана суға батты

 
Астананың сол жақ жағалауында су құбырының жарылуынан бірқатар көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Апат сол жақ жағалауда Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында болды. Бірнеше минуттың ішінде жолдарды су басып, көшелердегі қозғалыс қиындады. "Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды (су құбыры - шыныталшықты, диаметрі - 800 миллиметр). Қазіргі таңда апат болған жерге диспетчерлік бригада аттанды. Апаттың себебін анықтау мақсатында су тоқтатылды", - деп хабарлады "Астана Су Арнасы" кәсіпорнының баспасөз хатшысы Динара Ибраева.  tengrinews.kz