Нақты мақсаты бар адамдар жүрек ауруына ұшырамайды
2015 ж. 06 желтоқсан
2338
3
6 желтоқсан
Өмірде нақты мақсаты бар азаматтар жүрек ауруларына душар болмайды. АҚШ ғалымдары осындай тоқтамға келді.
Зерттеу жұмыстары 7 жыл бойы жүргізілген. Осы уақыт аралығында мамандар орта жасы 67-ден аспайтын 136 мың адамның денсаулығын жіті тексерістен өткізген. Зерттеу барысында қатысушылардың 14,5 мыңы о дүниелік болған. Және олардың көбі жүрек талмасынан ажал құшқан көрінеді. Сондай-ақ бақылау барысында қатысушылар түрлі тестілеуден өткен. Нәтижесінде нақты өмірлік мақсаты барлардың жүрек талмасынан қаза болуы небары 20 пайызды құрайтыны анықталды. Бұл туралы planetanovosti.com мәлімдеді.Дереккөз: 24.kz