Мемлекет басшысы: Бұл Жолдау Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырын қорытындылайды
2015 ж. 30 қараша
2805
17
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында жасаған кезекті Жолдауында алдымызда ел Тәуелсіздігін ширек ғасырын қорытындылау алдымызда тұрған бір белес, зор міндет екендігін атап өтті, деп хабарлайды Вnews.kz.
«Құрметті отандастар! Елбасының ел халқына арнаған бүгінгі Жолдауы – ел Тәуелсіздігін алғалы соңғы жиырма бесжылдығын, яғни ширек ғасырын қорытындылайтын маңызды сәт, бір белес, алдымызда тұрған зор міндет», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, ел Президенті бүгінгі Жолдау ел Үкіметі іске асыруы тиіс нақты тапсырмалар жүктейтіндігіне тоқталды. «Біздің алдымызда әлі талай асулар бар. Әрине, осы күнге біз оңайлықпен жете қоймадық. Бастан өткерген қиындықтарымыздан үлгі-өнеге, сабақ ала отырып, біз елімізді жарқын болашаққа жетелеуіміз қажет. Соңғы кездері әлемде көрініс беріп жатқан түрлі жағдайлармен экономикалық ауытқушылықтардан, құлдыраулардан Тәуелсіз Қазақстанның керегесін құлатып алмай алып шығуымыз керек. Ол үшін ең алдымен өз ішіміздегі ауызбіршілігімізді сақтай отырып, ел игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет», -деді Елбасы.