ЖАҢА ЖОЛДАУДА НЕ АЙТЫЛАДЫ?

aqorda

Елді парламенттік-президенттік басқару жүйесіне көшіру тақырыбы қозғалуы ықтимал.

Сонымен 30-қараша күні Елбасы жылдағы дәстүрмен келесі жылға Жолдауын жасайды. Ол осыған дейінгі Жолдаулардың ішіндегі ең маңыздысы болуы ықтимал. Сонда не айтылуы мүмкін? 1. Елді парламенттік-президенттік басқару жүйесіне көшіру тақырыбы қозғалуы ықтимал. Бірақ ол үшін қолданыстағы Конституцияға толықтырулар және қомақты қаражат қажет. Сондықтан бұл тақырып қозғала қоймас. 2. Бес институционалдық реформа мен оны жүзеге асыратын 100 нақты қадам бағдарламасы сөз болады. Іске асыру мен бақылау тетіктері қарастырылуы ықтимал. 3. ДСҰ-ға мүшелікке байланысты жаңа нарықтық қатынастар қалыптасатыны айтылады. 4. Сирияда қалыптасқан жағдай сөз болады. 5. Қазақстан экономикасына тежеу болып отырған ЕАЭО талаптарына кемінде 10 жылға мораторий жариялануы ықтимал (әй бірақ кім біледі, бұл қазақтардың арманы ғой). 6. Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығының 72 жасқа жетуі салдарынан зейнеткерлік жасы ұлғайтылып, ерлер үшін ең кемі 65, әйелдер үшін ең кемі 60 жас болуы ықтимал. 7. Тарихи-ақпараттық науқан бойынша. Келесі 2016 жылы Жетісу мен Торғай өлкесіндегі ұлт-азаттық көтерілісіне 100 толады. Әлихан Бөкейханов мерейтойы ЮНЕНСКО көлемінде аталып өтіледі. Алаш арыстары еске алынады. 8. Дағдарыс пен қымбатшылық жағдайында халық шыдамдылық пен сабырға шақырылады. 9. Отандық өнімді пайдалануға шақыру орын алады. 10. Түркі дүниесімен байланыс нығайтылады.(?) 11. Жаңа заң нормаларына сәйкес оралмандарды Елге қайтару үдерісі тасқындық ырғаққа түсіріледі. 12. Экономикада үнемдеу, тағы да үнемдеу, салық ауыртпалықтарын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, 12 жылдық білім т.б. Зейнеткерлік жасынан басқа елді елең еткізерлік басқа нәрсе бола қоймас деп ойлаймын. Марат ТОҚАШБАЙ, Фейсбук парақшасынан.