ЖАҢАӨЗЕН ЖАНДАНА ТҮСПЕК
2015 ж. 24 қараша
1814
0
Биылғы жылы Жаңаөзен қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын жүзеге асыруға 6 млрд. теңге бөлінді.
Бұл туралы Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Светлана Нарешова хабарлады. Оның сөзінше, Жаңаөзен қ. әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 2,3 млрд. теңге, “Өзенмұнайгаз” АҚ қаражаты есебінен 500 млн. теңге бағытталған.
- Бүгінгі таңда “Астана”, “Мерей” ықшамаудандарында, Қызылсай вуылында әрқайсысы 320 орынға шақталған үш балабақшаның, қорғаныс істері бойынша ғимараттың, “Мамыр” ықшамауданының автокөлік жолдарының құрылысы аяқталды, сонымен қатар Маңғыстау көшесі бойындағы жарықтандыру желісін, 5 спорт ғимаратын, сауда-ойын-сауық орталығын қайта жандандыру жұмыстары тәмамдалды. “Арай” ықшамауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы, орталық қазандықты шағын ЖЭО-на алмастыра отырып қайта құру және кеңейту жұмыстары, “Жұлдыз”, “Мерей” ықшамаудандарын сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы, Еділ өзенінің суын тәулігіне 30 мың текше метр мөлшерде ауызсу сапасына дейін әзірлеуге арналған су тазалау құрылғысының құрылысы, қаланы электрмен жабдықтаудың қолда бар желілерін, 50 орындық стационары бар емхананы, 5 аула алаңқайларын, қалалық аурухананың терапевтік корпусын, ұзындығы 2,2 шақырым болатын “Кендерлі” шипажай демалыс аймағына баратын автокөлік жолын қайта құру және кеңейту жұмыстары жүргізілуде, - деп баяндадаы Светлана Нарешова.
Моноқалаларды дамыту Бағдарламасы аясында 2015 жылға 1,1 млрд. теңге, оның ішінде экономиканы әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға 345,7 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 791,6 млн. теңге бөлінген болатын.
- Жаңа өндіріс орындарын құру үшін жалпы сомасы 21 млн. теңге болатын 7 грант берілді, құны 605,9 млн. теңгені құрайтын 15 жоба қаражаттандырылды. Құны 9,5 млн. теңгенің 6 жобасы кепілдендірілді. Өндірістік алаңға дейінгі кіреберістік автокөлік жолының, Жаңаөзен қ. қалаішілік автокөлік жолдарының, “Шаңырақ” ықшамауданы аулааралық көшелерін абаттандыру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Светлана Нарешова.
“Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020” бағдарламасының бірінші бағыты “Инфроқұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту» есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету” аясында 2015 жылы 474 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Облыстың ауылдық елді-мекендеріндегі коммуналдық-инженерлік, көлік және әлеуметтік
инфрақұрылымдарды абаттандыру, қайта құру, оларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған 44 жобаның жалпы құны 389,4 млн. теңге болатын 40 жобасы аяқталып, 261 жұмыс орны ашылды.
Mangystau Online ақпараттық орталығы