Цукерберг декреттік демалысқа шығатынын мәлімдеді
2015 ж. 22 қараша
1579
0
Facebook әлеуметтік желісінің егізін қалаушы Марк Цукерберг әйелі босанған соң екі айға декреттік демалысқа шығатынын мәлім етті. Мұны ол өзінің жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды lenta.ru.
«Мұндай шешімді мен өзім қабылдадым. Қызымды қолыма алып, екі ай демалсам ба деймін. Ғалымдардың зерттеуінше, ата-аналар бала туылғаннан кейін біршама уақытқа жұмыстан босап, жанұясына көңіл бөлсе, отбасына жақсы әсер етеді екен», – дейді Цукерберг.
Ол осы 2 ішінде компанияны кімге сеніп тапсыратынын әзірге мәлімдеген жоқ. Дегенмен, кандидаттар арасында Facebook желісінің бас операциялық директоры Шерил Сэндберг пен топ-менеджер Крис Кокс бар.
1 тамызда Цукерберг әйелін УЗИ-ге түсірген уақытта жатырдағы баласы оған «лайк» көрсеткенін айтып, жеке парақшасында «балам менің ізімді басқалы тұр, ол маған «лайк» көрсетті» деп қуана хабарлаған болатын.
31 жастағы Марк Цукерберг тарихтағы ең жас миллиардер деп танылған. Ол Facebook Inc. компаниясының 24 пайыз акциясына ие, оның аты 2010 жылдың наурызында 4 миллиард доллармен Forbes журналында жарияланды.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас