Үстіміздегі жылдың мамыр айының 13 жұлдызында «Айқын» газетіне берген сұхбатымда кезінде Б.Момышұлына генералдық шенді, Кеңестер Одағы Батыры атағын алуына кедергі болғандардың бірі – сол кездегі Үкімет басшысы Н.Оңдасынов деген пікір айтқан едім.
Қазір анық болғаны, ол – тыңғылықты, тексерілмеген құжаттар негізінде асығыс айтылған пікір еді. Сондықтан асығыс, ойланбай айтылған сөзім мен әрекетім үшін Нұртас Оңдасынов сынды біртуар мемлекет басшысының әруағынан, артындағы бала-шағасынан, туыстарынан, «Айқын» газеті оқырмандарынан кешірім өтінемін!
Қалила Омаров,
кинодокументалист, режиссер
Айтаққа ергенмен, Қалилада сәл де болса, ұят қалған екен, кешірім сұрағаны аруақтар алдындағы күнәсынан арылайын дегені шығар, дұрыс болыпты. бұл басқаларға сабақ болды…
Өзің білмей, өзгенің қолшоқпары болу арам өлуге жеткізеді.