Қалалық Мәдениет басқармасының басшысының міндетін орындаушы Ерболат Әуезов ҚазАқпарат агенттігінің арнайы сауалына жауап беріпті.
«Ескерткіш орнатылғалы бері мәдени нысанға арнайы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Салдарынан постаменттің гранит тақтайшалары сынып, бір-бірінен ажырағандықтан, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс 25 қарашада аяқталады», - деді Ерболат Әуезов. Айта кету керек, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші 2006 жылы орнатылды. Жұмыстың авторы - Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы Тимур Сүлейменов. Аталған ескерткіш қазанның айының соңында қоршауға алынған болатын. Қоршау ішінде екі аптадай жұмыс жүргізілген жоқ. Қазір ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Мақаланың түпнұсқадағы тақырыбы: "АЛМАТЫДАҒЫ "ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ" ЕСКЕРТКІШІ НЕГЕ ҚОРШАЛДЫ?".