Ақтауда 6 мың м2 астам тұрғын үй пайдалануға беріледі
2015 ж. 19 қараша
1829
0
Ақтауда алты мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трумов баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның сөзінше, 2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі салынған үйлердің жалпы көлемінің 65% құрайды. “Қолжетімді баспана 2020” бағдарламасы аясында жас отбасыларына арналған әрқайсысы 60 пәтерлік екі үй салынды. “Ақ бұлақ” бағдарламасын жүзеге асыру және 32А және 33 ықшамаудандардағы инженерлік желі құрылысы үшін ықшамаудандарда автокөлік жолдарыны, тротуарлар құрылысы, ішкі инфрақұрылымдарды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Азаматтардың барлығына арналып 32А ықшамауданында 120 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқтанып келеді. Аталмыш бағдарлама бойынша жергілікті атқару ұйымдарында кезекте тұрған азаматтарға да арналған 120 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы да аяқталып келеді. Соңғы үш жыл ішінде ҰОС-ның 8 ардагеріне, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 34 балаға, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 28 азаматқа пәтер берілді. Сонымен қатар, “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 19 жоба келісілді.
- Қаланың жаңа ықшамаудандары аумағында №8 индустриялық аймақты ашу үшін 120 гектар жер бөлінген болатын. Аталмыш жерде Каспий маңы аумағының көрмелерін, қонақүй кешендерін, көліктік орталықтарды, ауыл шаруашылығы көтерме сауда орталығын, логистикалық орталықты, өнеркәсіптік орталық пен коммуналдық маңызды нысандарды орналастыру қарастырылған. Балабақшамен қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттің қатысуымен қатар осы іске жеке әріптестікті қамтту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ағымдағы жылы 1400 баланы қамтыған мектепке дейінгі балаларға арналған 5 мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді, - деп атап айтты Серікбай Трумов.
qazaquni.kz