Маңғыстауда жол құрылысына 7,7 млрд теңге бөлінді
2015 ж. 19 қараша
1707
0
Жергілікті маңыздағы тас жолдардың жобалық-сметалық құжатын дайындауға, сонымен қатар жолдарды жөндеу мен күтуге ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджеттен шамамен 7,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының міндетін атқарушы Светлана Нарешова айтты.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» жолдарының және Ақтау-Қаламқас жолының ішкі облыстық «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С.Шапағатов» бағыттары бойынша 13 аялдама салынып жатыр, «Шетпе-Қызан» тас жолының 21 шақырымынан 49 шақырым учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Ақтау-Қаламқас» тас жолының 101 және 104 шақырымындағы күрделі жөндеу жұмыстары және «Ақтау-Қаламқас» жолының 10-шы шақырымынан 43-ші кг-ге және 43 шақырымынан 89 км-не дейінгі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды», - деп хабарлады Светлана Нарешова.
Оның сөзіне қарағанда, «Ақтау-Құйылыс», «Форт-Шевченко» жолының «Ақтау-Қаламқас» жолының 43 км-не дейінгі жолда күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. «Кендірлі» курорттық демалыс аймағының ішкі инфрақұрылымын тұрғызу аясында автомобиль жолының құрылысы басталды. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 50 млн теңге бағытталды.