«Ел болашағын» АҚШ-тан іздейміз бе?

d181d188d0b0

«Ел болашағы» ұйымының төрағасы Бағдат Әріпов осыдан бір ай бұрын Америка Құрама Штаттарына бас сауғалап кеткен екен. Азаттық радиосына сұхбат берген қоғамдық ұйым белсендісі жеке басына қауіп төнген соң елден кетуіне тура келгенін айтады.

Өзінің айтуынша оның елден кетуінің негізгі себептерінің бірі «ұлт аралық қақтығыстарды» үдеткені көрінеді. Атап айтқанда, «Ел болашағы» ұйымының Қытайдың Қазақстанға ықпал жасауына қарсы акция жасауы, Шымкенттегі Маятаста, Шелектегі ұйғырлар мен қазақтардың, Маловодныйдағы шешендер мен қазақтардың, Атыраудағы түріктер мен қазақтардың араларында ұлтаралық қақтығыстарға араласуы отқа май құйғандай болған көрінеді. Одан басқа, Алматы төңірегіндегі «Шаңырақ», «Бақай» сияқты ауылдардағы заңдастырылмаған үйлер жөніндегі мәселелермен айналысқан­дарының да «пәлесі» тиген түрі бар.

Сөйтіп, кейіпкеріміз бұл күндері АҚШ –тан саяси баспана сұраушылар қатарына қосылған екен. Кінәлі – «Ел болашағы» ұйымының төрағасы Бағдат Әріпов пе, әлде оны қысымға алған құқық қорғау орындары ма, оны әзірше біз білмейміз. Реті келгенде тағы да айта жатармыз. Дегенмен де «аса ұлтшыл» болудың қатерлі жақтары да көп көрінеді ғой.