"Погонды" пара үшін таға ма?!.
2015 ж. 13 қараша
2005
0
ІІМ жедел-қылмыс департаментінің басшысы Қайрат Аманқұлов 136 млн теңге жымқырды деп күдіктеліп, үйқамаққа алынды.
Бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев хабарлады.
«ІІМ жедел-қылмыс департаментінің басшысы Қайрат Аманқұловқа қатысты қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ол мемлекеттік сатып алу науқанында қылмыстық техникаға 136 миллион теңгеге тапсырыс беріп, мемлекетке үлкен көлемде шығын келтірген, – деп мәлімдеді Шпекбаев жұма күні баспасөз мәслихатында.
«Аманқұловқа қатысты айыпкерді үйқамаққа алу шарасы қолданылды», – деп аяқтады сөзін төраға орынбасары.
Қайрат Аманқұлов Қазақстанның ІIМ жедел-қылмыс департаментінің басшысы 2011 жылдың 22 шілдесінен бастап басқарып келеді.