Ақтауда “Каспий Парадигмасы ШЫҰ энергетикалық форумы” өтті

9 қараша Ақтау қаласында “Каспий Парадигмасы/ ШЫҰ энергетикалық форумы” халықаралық конференциясы болып өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Каспий маңы мемлекеттері, сонымен қатар, Еуропа, Орта Азия, Жақын және Орталық Шығыс мемлекеттері, Қытай, Индия, АҚШ арасындағы энергетикалық қауіпсіздік, жаңа мүмкіндіктерді үйлестіру және ашу мәселелерін шешуге бағытталған. Бесінші мерейтойлы конференция аясында ҚР және бірқатар еуропалық мемлекеттер бизнесі өкілдерінің бизнес-жобалары бойынша тұсаукесерлері мен талқылаулары ұсынылған дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Міне, бес жыл қатарынан біз ШЫҰ Ақтау қаласында ұйымдастырып отырмыз, мұнда өзара шекаралас ұйымға қатысушы мемлекеттердің энергетикалық стратегияларды, ШЫҰ энергетикалық клубының дамуын, сонымен қатар инвестиция тарту, бүкіл еуроазиялық кеңістік өкілдерінің жаңа жобаларын енгізу жолдарын талқылау мүмкіндігі бар. Форумның негізгі мақсаты іскерлік байланыстар орнату, экономикалық даму, инновациялық тәжірибелерімен бөлісу болып табылады, - деп хабарлайды ШЫҰ іскерлік клубының жетекшісі Игорь Колесов.

Форумның күн тәртібінде ұйымға қатысушы мемлекеттер әріптестігінің көліктік, биоресурстық, туристтік және гуманитарлық саласы қарастырылды.

- Біздің жоба - экологиялық таза әрі бірегей ноу-хау, күн және жел энергиясын пайдалануды қиыстыруға негізделген. Бір құрылғы күн энергиясына негізделсе, екіншісі - желге негізделген құбыр. Бұл екі құрылғылар жер қыртысының қайтарымын арттыру мақсатында негізінен мұнай өндірісінде пайдаланылады. Бұдан басқа, аталмыш жобаны түрлендіру барысында құрылғылар қалалардың орталық жылу жүйесінің жұмысында қолданылуы мүмкін, - деп хабарлайды Қытай мұнай-сервис компаниясының өкілі Елена Головкина.

- Әлеуметтік туризм ұлтаралық қатынастағы маңызды экономикалық фактор болып табылады. Меніңше, жақын болашақта ШЫҰ форумында туризм саласында нақты бағыттары белгіленеді. Осы форум ұйымға қатысушы мемлекеттер арасындағы саяси және гуманитарлық әріптестікті дамыту үшін қосымша ынталандырмасы болады. Халықаралық қауымдастық сарапшыларының арқасында ШЫҰ конференциясы жақын болашақта өзінің асыл жемістерін береді, - деп баяндады ұлттар ісі бойынша РФ мемлекеттік думасы комитетінің төрағасы Гаджимет Сафаралиев. Форум Каспий аймағы көршілес мемлекеттері өкілдерінің келісімдерге қол қою рәсімімен және өкілдерінің кездесулерімен аяқталды.

qazaquni.kz