Тараздың әкімі ұрыларды өз қолымен ұстап алды

0
689

Жамбыл облысының Тараз қаласының әкімі Ертарғын Астаев облыс орталығының территориясын кезекті рет аралап келе жатып, ұрыларды өз қолымен ұстап алды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Май тоғайы» массивінің жанында әкім өз көліктеріне тоғайды қоршап қойған темір шарбақты тиеп жатқан екі ер азаматты көріп қалады.

Е. Астаев өзінің дене шынықтыру жағынан бабында екенін танытып, ұрылардың біреуін ұстапты. Екінші ұры жасырынып үлгеріпті, бірақ жедел келіп жеткен полиция қызметкерлері ұрлықтың екінші қатысушысын да ұстапты. Қоғамдық мүлікті ұрлау фактісіне қатысты қылмыстық іс ашылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз