Ақтауда ерлер денсаулығы орталығы ашылды
2015 ж. 10 қараша
2320
0
Маңғыстау облыстық ауруханасында ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ ғұмыр өңірлік орталығы есігін айқара ашты.
Бұдан бұрын да орталық ашылған болатын, бірақ ол жұмыс жасап жарытпады. Енді бұл орталықта ер адамдар андрологта тексеруден өтіп, гармондық функциялары бұзылуы және басқа да организмдегі өзгерістерді тексерте алады.
«Бұдан он жыл бұрынғы ерлердің скринингтік зерттеулер нәтижесі бойынша олардың 56 пайызында жыныстық органдардың қызметінде дисфункция анықталған. Олардың 30 пайызында ұрпақ таптыру қызметінің кінәраттары белгілі болды. ҚР техногендік аймағында жұмыс істейтін 28 мың ер адамның 63 пайызының репродуктивтік денсаулығы бұзылған. Маңғыстауда бұл жайында анық статистика жоқ, дегенмен жергілікті ер адамдар репродуктивтік жүйе ауруларына шалдығуға бейім», - деді уролог-андролог Талғат Бірімжаров.
Талғат Бірімжаров медицина ғылыцмдарының кандидаты, бұл салада 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еуропада генитальдық хиругия жөнінен оқытудан өткен. Ақтауда бірнеше операцияларды ойдвағыдай өткізді, соның ішінде жыныс мүшесіне протез жасалды.
Дәрігер бүгінде медицинаның соңғы жетістіктеріне орай, эрекциялық дисфункцияның 99 пайызы жазылып кететінін нақтылады. Сондықтан ерлер мұны жақсы білуі және дер кезінде емделуі тиіс.
Орталықтың зертханалық жұмыстары Маңғыстау облыстық ауруханасының зертханасында өткізіледі.