«Жұмысы жоқтықтың» аяғы не болады?..

«Жұмысы жоқтық, қарыны тоқтық аздырар адам баласын» деген еді Абай. Ал, жұмысы да жоқ, тамағыда да жоқ болса не болмақшы.

Қарашаның 1-інен бастап «15 пайыздық қысқартумен» қазақ елінің 26 мың жұмыскерді қысқартатыны туралы ақпар тарады.

2010 жылдың ортасында біздің елде жұмыссыздар саны 50 мыңға жуықтаған дейді. Бұл азаматтар тек қана әлгі «тіркелгендері» ғана. Ал сол әлеуметтік қорғау орындарынан алар көмектің жоқтығын ескеріп, ол органға қолдарын бірақ сілтеп, «қаңғырып» жүргендері бұдан 2-3 есеге артық десек, артық айтқандық емес.

Енді сол қысқартуға кімдер ілінеді? Әрине, алдымен мемлекеттік тілмен қоса, орыс, ағылшын тілін білмейтін­дер шеттетілер. Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуді шарт ететін басшы әзірге жоқ шығар. 2011 жылы осы «қысқартылған» азаматтардың есебінен келер 19,0 миллиардқа жақын теңгені экономикамыздың қай жыртығына жамау етеріміз – бір Аллаға ғана аян. Ал қара халықтың ішіндегі тақыр кедейлер: «бізге бәрі бір, осы құрбандыққа алдымен қай тоқты шалынар екен деп ...» деп қызық көргісі келетін сияқты.