Ресейдің тағы бір ұшағы апатқа ұшырап, 40-тан астам адам көз жұмды
2015 ж. 06 қараша
1828
0
4 қараша
Оңтүстік Судан республикасында ресейлік Ан-12 ұшағы апатқа ұшырап, ондаған адам көз жұмды деп жазады Reuters.
Куәгерлердің хабарлауынша, оқиға орнынан 40-тан астам адамның мәйіті табылған. Олардың көбі жергілікті тұрғындар болуы мүмкін. Өйткені, ұшақ ішінде небәрі 12 адам болған. Reuters агентттігінің хабарлауынша, оқиға Джуба әуежайынан 800 метр қашықтықта орын алған. South Sudan Tribune порталының мәліметінше, ұшақта болған 12 адамның бесеуі Ресей экипажының мүшесі. Борттағылардың 10-ы қайтыс болып, екеуі тірі қалған, олардың бірі кішкентай бала. Естеріңізге салайық, 31 қазан күні Египеттің Синай түбегінде Ресейге тиесілі Airbus A321 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Оның бортында болған 224 адамның барлығы қаза тапты.Дереккөз: BAQ.KZ