"Қарыным ашты, сот мырза!.."

«Алматыметроқұрылыс» компаниясының бұрынғы басшысы түскі ассыз қалғанына наразылық танытып, процесті жүйелі түрде өткізуді сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

кадр ктк1 Бірнеше жыл бойы Алматының жерасты жолына жетекшілік еткен Мұрат Өкшебаевтың қолына биыл жазда кісен салынған болатын. Ол сыбайластарымен бірге мемлекеттің 2 млрд 503 млн теңгесін алаяқтық жолмен қалтаға басқан деп айыпталуда. Қазір Өкшебаевтан өзге айыпталушылар орындығында Алматы метросының бөлім басшысы Ербол Қалдыбаев пен құрылыс компаниясының директоры Константин Антипов отыр. Бірі тендерді кеш жариялап, екіншісі ниет білдіргендерден құжаттарды тез арада әкелуді талап еткен. Ал Антипов материалдардың бағасын еселеп көрсетіп, жалғыз үміткер болғандықтан жеңіп отырыпты. Сөйтіп, миллиардтарды өзара бөліп алған үш сыбайлас Алматы мен Астана қалаларында бірнеше пәтер мен қымбат көліктерді сатып алған.
Дереккөз: КТК арнасы