Депутаттар министрлерден бюджеттегі ақшаны ұрламауды талап етті
2015 ж. 22 қазан
1560
0
“Бүгінгі осындай қиын жағдайды осыған баруға бола ма? Жол салуға, мектеп салуға амал жоқ алсақ, бұл қажет. Ал, біреулерді оқытуға қарыз алған қажет пе?”, – Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов осылай десе, оның әріптесі Нұртай Сабильянов: “Болашақта министрліктер жалпы қарыз алуды тоқтату керек. Ұрламау керек бюджеттегі ақшаны, өз мүддесіне жұмсамау керек. Сонда бәрі жетеді бізде. Министрліктерде намыс деген болу керек”, – деп шүйлікті.
Яғни, депутаттар министрліктің алған қарызын түбінде мемлекет қайтарады деп шырылдап отыр. Бірақ, Досаев алған бетінен қайтпады.
Осылайша сырттан қарыз алуға қарсылық білдіріп, депутаттар біраз қызыл кеңірдек болғанымен Экономика министріне қатаң ескерту жасады да, соңында заң жобасын бекітіп берді. Досаевқа қарағанда мәжілісмендердің айқайынан аман шыққан Келімбетов көңілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Келімбетов жұрттың зейнетақы қорындағы ақшасын қарыз ретінде үлестірмек.
Жұрттың жылдар бойы тірнектеп жиған зейнетақы қорындағы миллиардттары несиеге берілмек. Қаржы бірінші кезекте коммерциялық банктерге үлестірілгелі жатыр. Сөйтіп, бюджет кірісі 40 пайызға азайған Үкімет тұралай бастаған экономиканы әлдендірмек. Әлемдегі мұнай бағасының құлдырауынан Ұлттық банк адамдардың қалтасына түсуінен басқа жол таппағандай. Әншейінде Келімбетовты жағадан алатын депутаттар бұл мәселеге келгенде үнсіз қалды.
Бас банкир доллардан бөлек мұнай бағасына болжам жасады. Айтуынша, мұнайдың құны 5 жылдың ішінде қайта қымбаттайды екен. Теңге сол кезде ғана тұрақтауы мүмкін.