Порошенко Назарбаевты БҰҰ-да қазақша баяндама жасағаны үшін мақтады

Бүгін Ақордада Қазақстан мен Украина президенттерінің қатысуымен өткен  алқалы жиында Украина басшысы Петр Порошенко қазақстандықтар мен елбасын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады.

03 (6)Встреча с Порошенко
“Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің мемлекеттік сапарымызды қабыл алып, зор қошеметпен қарсы алғандарыңыз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Бұл сапарымыз Қазақстанда өтіп жатқан ерекше оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанына қуаныштымын. Ол – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Аталған шараны теледидар арқылы көріп, тәнті болдық. Кеше Тараздағы осынау мерекеге қатысып, бүгін бізбен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылауда белсенділік танытып отырғаныңыз үшін алғысым шексіз. Мұны Сіздің украин халқы мен оның үкіметіне білдірген сеніміңіз бен риясыз құрметіңіз деп білемін”, –  деді Порошенко. Сондай-ақ, ол Қазақстан президентінің БҰҰ мінбетінде қазақ тілінде баяндама жасағанын жоғары бағалайтынын айтты. “Мен Сіздің БҰҰ-да жасаған баяндамаңызды толық тыңдап шықтым және ол маған жағымды әсер қалдырды. Өйткені, Сіз мінберде тұрып, қазіргі Украина проблемасын шешу мәселесін көтердіңіз. Ал, баяндаманы бастан-аяқ қазақ тілінде жасауыңыз халқыңызға зор күш-жігер сыйлады деген сенімдемін”, – деді Украина президенті.

Дереккөз: BAQ.KZ